Ретіне қарай тоқталатын болсақ, парламентарийлердің бейсенбідегі жиыны ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысынан басталды. Оған Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин жетекшілік етті. Отырыста қаралған және талқыланған мәселелер өзектілігімен ерекшеленеді. Өйткені, ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер алдында өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз есірткі заттарының айналымымен, сондай-ақ, терроризммен және экстремизммен күрес мәселелері тұр. Бұған Ауғанстандағы саяси-экономикалық жағдайларды да қосуға болады. Осының барлығы көп болып бірлесе іс-қимыл жасауды қажет етеді.
Отырыста ҰҚШҰ-ға Ресей Федерациясының төрағалығы кезінде атқарған жұмыстарының басымдықтарымен қатар, Ұйымның қызметі туралы баяндама да тыңдалды. Онымен ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа таныстырды. Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұйымның саяси салмағы соңғы жылдары арта түскенін айта келіп, ҰҚШҰ-ның қызмет ету тетіктерін жетілдіруді жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Сенат Төрағасы Парламентаралық Ассамблеяның іс-шаралары барысында бірқатар әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізген болатын. Ресей және Беларусь парламенттері спикерлерімен кездесуінде Қ.Тоқаев Украинадағы саяси жағдайға біздің еліміздің алаңдаушылық білдіретініне, ондағы ахуалдың әрі қарай ушығуы қатерлі зардаптарға соқтыруы мүмкін екендігін сөз ете келіп: «Украина билігінің бірінші кезектегі міндеті ішкі тартыстарды азайту болуы тиіс», – деп атап өтті.
Ал ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысында парламенттер жетекшілері оншақты мәселелерді қарастырды, солар жөнінде өз тараптарынан ұсыныс-пікірлер білдірді. Жалпылай алғанда, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы өткен жылы қанағаттанарлықтай жұмыс істеген сияқты. Оны Ассамблеяның тұрақты комиссиялары ұсынған отызға жуық үлгі заң жобаларынан, сондай-ақ, ТМД елдерінің ұлттық құқықтық жүйелерін жақындатуға бағытталған құжаттар топтамасынан көруге болады. Міне, бұл Парламенттік Ассамблея құрылып, жұмыс істей бастағаннан бері өз миссиясын ойдағыдай орындап келе жатқандығын білдіреді.
Санкт-Петербургтегі маңызды шараның тағы бірі – Санкт-Петербург экономикалық университетінде өткен «Еуразиялық экономикалық болашақ» деген тақырыптағы халықаралық форум болды. Бұл форумды осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Еуразиялық одақ идеясының бүгінгі күнгі жалғасы деген дұрыс шығар. Себебі, оған қатысқан белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, ғылыми қауым өкілдері Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастырудың құқықтық тетіктері, Біртұтас экономикалық кеңістікті дамыту, тағы басқа да мәселелер жөнінде сөз қозғап, оның болашағы зор екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, форумда Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істегеннен бергі жылдарда оған мүше мемлекеттер арасындағы сауда айналымының қаншалықты артқаны жөнінде мәліметтер келтірілді. Мысалы, соңғы төрт жылда Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасындағы өзара сауда көлемі екі есе өсіп, ол өткен жылы 64 миллиард долларды құраған. Сондай-ақ, бүгінде жалпы көлемі 6 миллиард доллар болатын 50-ден астам қазақстандық-ресейлік жобалар жүзеге асырылуда. Бұл интеграциялық байланыстардың нақты көрінісі болып табылады.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше