Кітап авторы – Әзербайжан тарихшысы, саясаттанушы, Әзербайжан SVS телеарнасының «Сыртқы істер аспектілері» бағдарламасының жүргізушісі, Әзербайжанның диаспоралармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің сарапшысы Теймур Атаев.
Жаңа жинақта автор Абайдың ойларын Құран аяттарымен салыстыруға талпыныс жасап, ойшыл идеяларын түсіну үшін қазақ тарихы мен ақын өмірбаянының маңызды ерекшеліктеріне жүгінген. Оның пікірінше, бұл – Абайдың барлық уақытта да өзекті саналатын өлең жолдарын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ іс-шара барысында Теймур Атаев Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жылы лебізін білдіріп, этномәдени бірлестіктердің қызметін дамытуға барлық жағдай бар екенін атап өтсе, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қонақтарға этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жайында айтып берді.
Кеш соңында іс-шараға қатысушылар этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап, этностардың тарихы және мәдениетімен танысты.