Елорда • 02 Маусым, 2022

Елордада балалар мерекесінде 80-ге жуық нәресте өмірге келді

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күні елордада 80-ге жуық сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада балалар мерекесінде 80-ге жуық нәресте өмірге келді

1 маусым күні кешке дейін астанадағы көпбейінді ауруханалардың босану бөлімшелерінде 78 бала туды, оның 37-сі – қыз, 41-і – ұл.

Бақытты аналарды қала әкімдігі атынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтап, шаһар басшысы Алтай Көлгіновтің алғыс хатын табыстады.

Сәбилердің аналарына естелік сыйлықтар – балалар арбалары, жаңа туған нәрестелердің көрпешесі және тағы басқасы тарту етілді. Кейбір балалар туу туралы куәліктерін де алып үлгерген.

Айта кетейік, осы күні қалалық мамандандырылған балалар үйінде де мерекелік шара өтті. Ондағы бүлдіршіндерді қала әкімдігі, қоғамдық қорлар, басқа елдер елшіліктерінің өкілдері құттықтады. Қалалық емханаларда аниматорлар қатысқан ашық есік күндері, мерекелік бағдарламалар өтті.