Атап айтқанда, жас өрендеріміз жарыс барысында жалпы саны 28 медаль жиынтығын (11 алтын, 11 күміс және 6 қола) жеңіп алды. Мырзағали Суранов баптайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 20 медальмен (7 алтын, 8 күміс пен 5 қола) жалпыкомандалық есепте көш бастаса, жастар құрамасы 8 жүлдеге (4 алтын, 3 күміс пен 1 қола) қол жеткізді.
Жарыстың келесі күнінде Батырбек Есдәулетов баптайтын ересектер құрамасы да жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. Олардың еншісінде – 2 алтын, 1 күміс пен 4 қола медаль бар. Жарыс барысында Рита Бакишева (46 кг) мен Жасур Исраиловке (58 кг) тең келер қарсылас табылмады. Ал 63 килода өнер көрсететін Әділет Базарбаев екінші орынға тұрақтады. Елжан Елшібай (58 кг), Сапарғали Әбдірашев (63 кг), Рахым Әділханов (80 кг) пен Руслан Жапаров (+87 кг) халықаралық турнирдің қола медаль иегерлері атанды.