Футболшылардың бір маусымдағы ерекше ойыны мен қарым-қабілетіне бақылау жасаған УЕФА өкілдері биылғы Еурокубок бәсекесінің шартты құрамына мына футболшыларды енгізді: Қақпашы – Тибо Куртуа («Реал»), қорғаушылар – Трент Александр-Арнольд, Вирджил ван Дайк, Эндрю Робертсон (барлығы – «Ливерпуль»), Антонио Рюдигер («Челси»), жартылай қорғаушылар – Фабиньо («Ливерпуль»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Лука Модрич («Реал»), шабуылшылар – Карим Бензема, Винисиус Жуниор (екеуі де – «Реал»), Киллиан Мбаппе (ПСЖ).
Шартты құрамға Чемпиондар лигасында топ жарған «Реал» мен финалист «Ливерпульдің» төрт-төрттен футболшы енген. 29 мамырда өткен турнирдің финалында «Реал» «Ливерпульден 1:0 есебімен басым түсіп, 14-ші чемпиондығына қол жеткізген еді.