Спорт • 02 Маусым, 2022

Жәнібек Әлімханұлы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан түсіп қалды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA Дүниежүзілік бокс қауымдастығы барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан түсіп қалды

Өткен рейтингте жетінші болған орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы осы жолғы ТОП-15-тен шығып қалды.

Еске салсақ, 22 мамырда «Қазақ стилі» лақап атымен белгілі боксшы британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша «аралық» әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион – қазақстандық Геннадий Головкин. Ол IBF және IBO белдіктеріне ие.

Рейтингінің алғашқы «үштігіне» британдық кіші Крис Юбанк, мексикалық Хайме Мунгия және жапон боксшысы Риота Мурата енген.