Құтқару топтары су тасқынынан кейін көміліп қалған ондаған адамның денесін тапты. Әсіресе, Жардим Монтеверде аймағы мен Ресифи қаласының маңындағы елді мекендер қатты қираған.
Пернамбуку штатының 24 әкімшілік аймағында төтенше жағдай жарияланды. Онда 6 мыңнан астам адам үйлерін тастап, эвакуациялануға мәжбүр болды. Ел президенті Жаир Болсонару шығын көлемін бағалау үшін апат болған аймақты тікұшақпен айналып өтті.
Бразилияда бір аптадан бері толассыз нөсер жаңбыр жауып, кедей халық тұратын аймақтар, әсіресе тау баурайындағы фавелаларға қатты зиян келтірді.