Референдум-2022 • 03 Маусым, 2022

Маңызды басымдық әрі міндет

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Қарағанды қаласының студенттерімен кездесіп, 5 маусымда өтетін референдум мәселелерін талқылады.

Маңызды басымдық әрі міндет

Сенатор Қарағандыдағы Бөкетов атындағы универ­си­теттің және жоғары меди­ци­налық интерн колледж сту­дент­те­рімен кездесу барысында елі­мізді одан әрі дамыту үшін конс­ти­туциялық реформалардың ма­ңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы ұсынған түзетулер туралы айтып, олардың барлық қа­зақ­стан­дық үшін ерекше ма­ңызына тоқталды.

«Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілетін бо­ла­­ды. Бұл – Негізгі Заңның үштен бірі. Өзгерістер бірінші кезекте еліміздің азаматтарының құ­қық­тарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған. Бұл тү­зе­ту­лер қазақстандықтардың құ­қық­тарын тиімді қорғауға мүм­кіндік береді. Өз кезегінде, аза­маттардың құқықтарын қорғау – конституциялық рефор­ма­ның маңызды басымдығы және мін­де­ті», деді сенатор Рысқали Әбдікеров.