Футбол • 03 Маусым, 2022

Аргентина – Финалиссима чемпионы

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан екі құрлық біріншілігінің жеңімпаздары – Италия (Еуропа) мен Аргентина (Оңтүстік Америка) Англияда Финалиссима-2022 кубогын сарапқа салды.

Аргентина – Финалиссима чемпионы

90 мың жанкүйер сыятын әйгілі «Уэмбли» стадионында өткен матчта Оңтүстік Америка өкілдерінің мерейі үстем болды – 3:0. Матч­тың 28-минутында аргентиналық Лаутаро Мартинес есеп ашса, бірінші таймның со­ңында Анхель Ди Мария таблодағы есепті еселеді. Ал екінші таймның соңында Италия чемпионатындағы үздік сұрмергендердің бірі Пауло Дибала Доннарумманы қапы қал­­дырып, ойынның нүктесін қойды. Осы­лайша, алғаш рет ұйымдастырылған Финалиссимада Аргентина құрамасы топ жарды. Ал Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионы мен Оңтүстік Америка кубогының иегерлері бақ сынайтын Финалиссима матчын өткізу 2021 жылдың 15 желтоқсанында бекітілген болатын. Енді келесі жолғы турнир 2028 жылы ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.