Әлем • 03 Маусым, 2022

Қытай орбитаға 9 жер серігін ұшырды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан бірден 9 жер серігі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай орбитаға 9 жер серігін ұшырды

Қытай ұлттық ғарыш басқармасының хабарлауынша, құрылғылар смарт желі технологиясы саласындағы қызметтерді көрсетуде, сондай-ақ, теңізді қорғау жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қолданылады.

Соңғы жылдары Қытай өзінің ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытып келеді. Ел ғалымдары метеорологиялық, телекоммуникациялық және навигациялық спутниктерді, сондай-ақ айды зерттеуге арналған технологияларды әзірлеуде. Сонымен қатар астероидтар мен Марсты зерттеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Орбитада Қытай ғарыш станциясының құрылысы жүргізілуде, ол жоспарға сәйкес биыл жұмысын бастайды.

Салтанат Кенжебай

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы құбылып тұр

Қаржы • Бүгін, 16:44