Референдум-2022 • 03 Маусым, 2022

Украинадағы қазақстандықтар Варшаваға барып дауыс бере алады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинадағы Қазақстан азаматтары Польша еліндегі учаскеде дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев айтты.

Украинадағы қазақстандықтар Варшаваға барып дауыс бере алады

«Украинадағы қазіргі ахуалдың қандай екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан азаматтарымызды дер уақытында Қазақстанға жеткізіп алдық. Егер ол жақта қалған азаматтарымыз не туристеріміз болса, онда олар Варшаваға барып дауыс бере алады. Осындай мүмкіндік бар. Олар ертерек барып, дауыс беруіне болады», деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Украинадағы елшілік бұл жайында сол елде жүрген азаматтарды алдын ала ескертті және осы бағытта жұмыс жүргізіп те жатыр. Жалпы Украина аумағында дауыс беру учаскесі ашылған жоқ.

«Елшілікте қызметкерлеріміз бар. Олар да Варшаваға барып дауыс береді», деді Ж.Әділбаев.

Аяна Тоғанбек