Оқиға • 03 Маусым, 2022

Павлодар облысында бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында су құбырын қалпына келтіруге бөлінген 340 млн теңгені ұрлау дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды

«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Ақсу қаласындағы су құбырын қайта жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, «Дала» ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңге, яғни аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірілді», делінген ведомство таратқан мәліметте.

Ақсу қалалық соты Мұздыбаевқа қатысты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековты 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.



 

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43