Қазақстан • 03 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы: Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алдағы референдумға атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды

«Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады.

Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды.

Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық!

Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық», деді Президент.