Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға №3 қалалық мектептің жанында болған.
«13 жастағы оқушы қыз найзағай соғып, сол жерде көз жұмды. Тағы бір 13 жасар қыз бен 17 жастағы жасөспірім Токмок аумақтық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.