Футбол • 04 Маусым, 2022

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші турда қазақстандық футболшылар «Астана Аренада» Әзербайжан құрамасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады

Бірінші таймда қонақтар басым болды. Бірақ есеп өзгеріссіз қалды. Ал екінші таймда алаң иелері басымдықты өз қолдарына алып, жиі шабуыл жасады. Ұрымтал сәттерді ұтымды пайдалана білген шабуылшы Абат Айымбетов дубль авторы атанды.

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 маусымда сырт алаңда Словакияға қарсы өткізеді.

Ұлттар лигасы, І-тур 

Қазақстан – Әзербайжан – 2:0

Сары қағаздар: Александр Марочкин 36, Елдос Ахметов 38, Исламбек Қуат 90+3 – Эдди Исрафилов 90+1

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Елдос Ахметов (Сергей Малый 80), Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген (к) (Самат Жарынбетов 85), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов (Исламбек Қуат 73), Бауыржан Байтана (Рамазан Оразов 46) – Абат Айымбетов (Артур Шушеначев 80);

Әзербайжан: Шахруддин Магомедалиев (қ) – Азер Салахлы, Ходжат Хагверди, Бахлул Мустафазаде, Бадави Гусейнов (Торал Байрамов 79), Максим Медведев (к) – Эдди Исрафилов, Эмин Махмудов (Дмитрий Назаров 79), Алексей Исаев (Анатолий Нуриев 68) – Махир Эмрели (Рамиль Шейдаев 79), Ренат Дадашов (Намик Алескеров 68).