Экология • 04 Маусым, 2022

Каспийде итбалықтардың неден қырылғаны әлі белгісіз - министрлік

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Каспий теңізінің жағалауынан 219 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Каспийде итбалықтардың неден қырылғаны әлі белгісіз - министрлік

«Биыл сәуір мен мамырда табылған өлі итбалықтардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Барлығының да өлексесі ыдырап кеткен. Маңғыстау облысы экология департаментінің қызметкерлері жергілікті ауа мен судан сынама алды. Зерттеу нәтижесі бойынша концентрацияның артық мөлшері анықталған жоқ. Итбалықтардың қырылуына себеп болатындай зиянды заттар да табылмады. Сонымен қатар гидробиология және экология институты өлген итбалықтардың ұзындығы мен салмағын өлшеу, жынысы мен жасын анықтау үшін олардың қабыршақтары мен тырнағы арқылы зерттеу жүргізді», делінген ведомство хабарламасында.

Экология министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес итбалықтар қырылуының болжамды себебін маусымда жариялау жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, ведомство жыл басынан бері Каспий жағалауынан 219 итбалықтың өлексесі табылғанын растады.

«Бұған дейін табылған итбалықтардың қаңқалары қатты ыдырап кеткені хабарланды. Сол себепті токсикологиялық, гистологиялық және вирусологиялық зерттеу жүргізу үшін сынама алу мүмкін болмады. Осы орайда министрлік итбалықтар қыста өлген деген болжам жасап отыр. Табылған итбалықтардың өлексесі Жайық-Каспий облыс аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және жергілікті атқарушы органдардың күшімен санитарлық талаптарды сақтай отырып жойылады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35