Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Референдумға тұңғыш рет қатысқан түркістандық сыйлық алды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында таңғы 7-де жұмысын бастаған 50 референдум учаскесінде тұрғындардың алғашқы легі өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумға тұңғыш рет қатысқан түркістандық сыйлық алды

Түркі әлемінің рухани бесігі, киелі топырақ, құт қонған Түркістан тұрғындарының жексенбілік тіршілігі әдеттегідей ерте басталды. Соңғы жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келе жатқан киелі қаланың ерте оянуы заңдылық та. Дегенмен жұрттың бүгінгі бағыты, жүріс-тұрысы өзгешелеу, мерекелік реңк басым. Дауыс беру учаскелері жұмысын бастаған сәтте алғашқы болып Отырар мөлтек ауданындағы N900 сайлау учаскесінде өз таңдауын білдірген 18 жастағы түркістандық Данияр Нұрманов «Ең алғашқы» сыйлығын алды.

р

Айта кетелік, Түркістан облысы бойынша дауыс беру құқына ие 1 миллион жүз мыңнан азамат бар, 914 сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.