21 Сәуір, 2014

Петропавлда имамға қоқан-лоққы жасаушы анықталды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-04-14-mechet_kyzyljar-1

ПЕТРОПАВЛ. 21 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы Дүйсенбай Кенжатай қажыға жөнсіз тиісіп, оның ар-намысын аяққа таптайтын сөздер айтқан адамның аты-жөні анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстың өкіл имамы қызметін атқарғанына бір жыл толған Дүйсенбай қажының жаяу жүргенін ескерген болулары керек, жергілікті кәсіпкерлер өзара бірігіп, Аллатағаланың жердегі үйіне «Джип» көлігін сыйлайды. Сол-ақ екен, ішін қызғаныш иті тырмалаған күншіл әлдекім телефон соғып, жеке басын қорлайтын балағат сөздерді айтуды жиілеткеннен кейін заң орындарына қайрылуға мәжбүр болады. Жедел іздестіру шаралары барысында телефонның арғы жағынан  қорқытып-үркітіп, тыным бермеген адамның аты-жөні мәлім болды. Қазір осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 112-бабы бойынша күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Өмір Есқали. Дереккөз: egemen.kz. Фото: maps.resurs.kz.