21 Сәуір, 2014

Солтүстік Қазақстанда 5 оқушы АҚШ-қа жолдама ұтып алды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

ПЕТРОПАВЛ. 21 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысы мектептері 5 оқушысының АҚШ-та білімдерін жетілдіру құқығына ие болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан-Америка «FLEX»  бағдарламасы бойынша биыл елімізден 5000-ға жуық үміткер сынға түсіп, олардың 83-і іріктеуден сүрінбей өтті. Осы сыннан өткендер арасынан табылған 5 солтүстікқазақстандық оқушы келесі оқу жылында АҚШ-қа сапар шегеді. Петропавл қаласындағы «БЭСТ» гимназиясының оқушылары  аталмыш бағдарламаға 1999 жылдан бері атсалысып келеді. Содан  бері 18 оқушы жолдаманы жеңіп алып,  білімдерін ағылшын тілінде тереңдету мүмкіндігіне ие болды.  Балалардың  мұхиттың арғы жағында  оқуы, тамағы, жатын орны тегін болғандықтан, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атану оңай емес. Ұсынылған тақырыпқа  шығарма жазу, психологиялық тестен өту, әңгімелесу, өздерін қабылдайтын отбасыларға хат жазу, көшбасшылық қарым-қабылетін таныту, бөгде адамдармен тіл табысу секілді сынақтардан қиналмай өткен  қызылжарлық бойжеткендер  Қазақстанның намысын жоғары ұстауға серт беріп отыр. Өмір Есқали. Дереккөз: egemen.kz. Фото: flex-exchange.ru.