Ақтау қаласы бойынша екі арнайы инватакси автомобилі жұмыс істейді. Референдум күні оларға қажет болған жағдайда тағы бір арнайы инватакси қосылды.
Маңғыстау облысында 30 059 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде 18 мыңнан аса тұрғын республикалық референдумға қатысады. Оның 545-і кресло-арбамен жүріп-тұрады.