Референдум • 05 Маусым, 2022

Ақмолалықтар белсенділік танытуда

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс тұрғындары таң атысымен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өткізу бойынша ұйымдастырылған өңірдегі  718 учаскеге ағылып келе бастады деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмолалықтар белсенділік танытуда

Облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Садуовтың баяндауына қарағанда, сағат күндізгі 10-ға дейін аса маңызды саяси іс-шараға үн қосып, өз қалауын жасайтын 507 447 адамның 135 151-і дауыс беріп үлгерген. Облыс орталығындағы №1 орта мектепте ұйымдастырылған №8 сайлау учаскесіне 1461 адам тіркелген екен. Алғашқы лекпен 100-ден астам адам өз таңдауын жасап, дауыс беріп үлгерді. Сайлау учаскесінің төрайымы Сандуғаш Нұрқанованың айтуына қарағанда, белсенділік жоғары. 

вм

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев та осы сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Өңір басшысының айтуына қарағанда, маңызды саяси науқан жауапкершілікпен ұйымдастырылуда. Осы жерде Ботагөз және Рустам Ахметовтердің отбасын кездестірдік. Екі бала тәрбиелеп отырған жас отбасы болашағының баянды, ұрпағының бақытты боларына нық сенімді. Сол үшін де өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік дейді олар. 

чсямчс

чвмячс

Аталмыш сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың да уақытылы дауыс беруі қамтамасыз етілуде. Учаскедегі сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуына қарағанда, дауыс берушілердің дені енді келе бастамақ.