Референдум • 05 Маусым, 2022

Жүз жасаған жаркенттік апа референдумға дауыс берді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысы бойынша 1053 учаске өз есігін айқара ашты. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 1 млн 200 мыңнан асады деп жазады Egemen.kz

Жүз жасаған жаркенттік апа референдумға дауыс берді

Алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасағандардың қатарында Жаркент қаласының 100 жасаған тұрғыны Зейнелхан Оспанова да бар. Асыл әже ертемен референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді қатысып келеді. Әсіресе соңғы 30 жылдағы барлық сайлау мен референдум есінде қалғанын айтады. Референдум учаскесінің мүшелері ғасыр жасаған әже әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерге қатысуға тырысатынын айтып отыр. Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берген адамға естелік сыйлық табысталды.