Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Атырау облысында 396 мыңнан астам адам дауыс береді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында бүгінгі  референдумда 396 923 адам дауыс береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 396 мыңнан астам адам дауыс береді

Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, қазір өңірде 9 аумақтық, 261 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеп тұр. Комиссиялардың  құрамында 1 968 мүше бар.

«Облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 396 323 адам тіркелді. Дауыс берушілер 261 референдум учаскесінде дауыс береді. Ал ауруханалар, уақытша қамау орындары мен әскери бөлімшелерде 11 жабық учаске ашылды», деп мәлім етті аумақтық референдум комиссиясынан.

Өңірдегі 255 референдум учаскесінде пандус орнатылған. Бұл учаскелердің бәрі тактильдік белгілермен, көзі нашар көретін адамдар аудионұсқаны тыңдағаннан кейін бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтылған.

«Атырау қаласы мен аудандар орталықтарында 39 инватакси мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетеді. Құлағы естімейтін адамдар үшін 12 сурдоаудармашы бар», деп хабарлады аумақтық референдум комиссиясынан.

Сондай-ақ Атырау қаласында, Жылыой, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер бар. Олар 43 учаскелік комиссияда дауыс береді.