Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Ең көп дауыс берушілер саны Шымкентте тіркелді

508 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде өтіп жатқан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі жалпыхалықтық референдумда сағат 10.00-де қанша адамның дауыс бергені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең көп дауыс берушілер саны Шымкентте тіркелді

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59 % бюллетень алғанын айтты.

Оның ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 26,63 %

Ақтөбе облысы бойынша – 25,62 %

Алматы облысы бойынша – 28,53 %

Атырау облысы бойынша – 29,87 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 32,20 %

Жамбыл облысы бойынша – 32,16 %

Қарағанды облысы бойынша – 33,56 %

Қостанай облысы бойынша – 30,14 %

Қызылорда облысы бойынша – 28,87 %

Маңғыстау облысы бойынша – 23,67 %

Павлодар облысы бойынша – 33,14 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34,17 %

Түркістан облысы бойынша – 33,15 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 29,88 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,18 %

Алматы қаласы бойынша – 13,91 %

Шымкент қаласы бойынша – 34,19 %.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.00-де беріледі.

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Осыдан тура бір ай бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.

Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған. Барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылды.

Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.