Референдум • 05 Маусым, 2022

Алматы тұрғындары референдумда дауыс беріп жатыр

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алматыда 574 сайлау учаскесі таңғы сағат 07.00-ден бастап жұмысын бастап кетті», деп жазады  Egemen.kz.

Алматы тұрғындары референдумда дауыс беріп жатыр

Алматылықтардың сайлау учаскесіне келіп, азаматтық құқықтарын пайдалануға барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға пандус та орнатылып, тиесілі орынға келе алмайтын тұрғындар бюллетеньге өз үйлерінде қол қоя алады. Арнайы каскадтық курстан өткен мамандар тұрғындар тарапынан туындайтын кез-келген сұраққа жауап беруге дайын.

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова қалада 1 миллион 100 мыңнан астам адам референдумда дауыс беруге құқылы екенін айтты. Брифингте спикер қаладағы сайлау учаскелері таңғы 6-дан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлады.

«Ешқандай өрескел заң бұзушылықтар болған жоқ. Барлығы жұмыс тәртібінде. Біздің тізімде сайлау құқығы бар 1 126 854 азамат бар. Кеше сағат 18:00-ге дейін 1388 сырттай дауыс беру бюллетеньдері шығарылды. Қазір белсенділік біртіндеп күшейіп келеді. Таңертеңгі сағат 7-де бізде алғашқы сайлаушылар болды», деді спикер брифингте.

№ 359 референдум комиссиясының төрағасы Айымгүл Иманғалиеваның айтуынша, сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Төрт бақылаушы жұмыс істеп, барлық сайлау нормалары қатаң сақталуда. Референдумға 10 күн қалғанда азаматтардың ұялы телефонына дауыс беретін жердің мекенжайы мобильді қосымшалар арқылы ақпарат жіберілді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қосымшалар карталарында  жеке тұлғаның дауыс беретін учаскенің орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі пайда болды. Дауыс беру учаскесін іздеудің негізгі сөздері: «Сайлау учаскелері», «Референдум учаскесі», «Referendum precinct».  

Референдумда дауыс беру үшін қала бойынша азаматтарды 574 сайлау учаскесі қабылдайды. Оның 67-сі аурухана мен әскери орындар сынды арнайы мекемелер болса, қалған 507-сі ашық форматтағы мекенжайлар.