Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Палестина елшісі референдумға қатысты пікір білдірді

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған республикалық референдум өтіп жатыр. Халықаралық ақпараттық орталығына Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Монтасыр Әбузейд келіп, референдум туралы ой-пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Палестина елшісі референдумға қатысты пікір білдірді

Елшінің айтуынша, саяси іс-шара ойдағыдай өтіп жатыр.

«Мен Қазақстанда жоғары мәртебелі елші ретінде 6 жыл бойы жұмыс істеп келе жатырмын. Осы айдың соңында мен дипломатиялық корпусты әріптесіме табыстаймын. Бүгін 2022 жылдың 5 маусымы – Қазақстан халқы үшін маңызды күн. Мен мұндай саяси іс-шараға халықаралық бақылаушы ретінде бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Бұған дейін Президент және Парламент сайлауына да қатысқан едім. Сондықтан біліктілігім мен тәжірибем бар деп сеніммен айта аламын.

Бүгін таңнан бастап көп учаскелерге бардық. Адамдардың бәрі де еш қысымсыз, өз еркімен қатысып жатыр. Ешқандай құқық бұзушылық байқаған жоқпыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқына табыс және жетістік тілеймін. Айтып өткенімдей атмосфера өте жақсы. Еш қиындық көрмедім. Комиссия мүшелерімен тілдестім. Комиссия әртүрлі ұйымнан құралыпты. Олар дауыс беру процесі бойынша еш кедергі болмағанын айтты. Тек ұсақ-түйек қиындықтар туындаған. Мәселен, Алматыда және Қарағандыда тіркелген адамдар ел астанасында дауыс бергісі келсе, комиссия талон алып келген жағдайда ғана сол учаскеде дауыс беруге болатынын түсіндірген», дейді елші.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы бұйрыққа 5 мамырда қол қойған еді. Қазақстандықтар референдум барысында «иә» немесе «жоқ» деп дауыс береді. Ел аумағында 10 мыңнан астам учаске жұмыс істеп, ол учаскелерде 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс береді.