Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Шетелдегі бірнеше учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдегі дауыс беру учаскелері жергілікті уақытқа сай ашылып, референдумға қатысуға ниетті қазақстандықтарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Шетелдегі бірнеше учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Бүгін таңертең Сеулге ұшып барған «Эйр Астана» әуе компаниясының қызметкерлері қонақ үйде дауыс берді. Олардың дауыс беруін екі адамнан тұратын комиссия бақылады.

«Бұл елдің авиациялық қауіпсіздік талаптарына байланысты, 24 сағат ішінде ұшып келген ұшқыштар мен экипаж мүшелеріне карантин орнынан кетуге тыйым салынады», деп мәлімдейді ҚР СІМ.

Бішкек, Ташкент, Ашхабад, Душанбе, Ереван мен Тбилисиде дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Нью-Дели, Исламабад, Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Эр-Рияд, Джидда, Маскат, Доха, Амман, Каир, Тель-Авивтегі учаскелердің есігі дауыс берушілер үшін ашық. Түркияның Анкара, Ыстанбұл және Анталия қалаларында, ал Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань мен Омбыдағы дауыс беру учаскелері Қазақстан азаматтары үшін жұмыс істеп тұр.

«Ирандағы отандастарымыздың өтініштері негізінде учаскелік комиссия «Заркух» қазақстандық компаниясына тиесілі және елдің батыс бөлігінде орналасқан алтын кен орнында дауыс беру процесін жүзеге асырды», дейді ҚР СІМ.