Референдум • 05 Маусым, 2022

Павлодарлықтар белсенділік танытуда

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 12.00-ге дейін павлодарлықтардың 51,17 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Облыс тұрғындары әзірге республика бойынша белсенділік танытқан үздік үш аймақтың қатарында, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарлықтар белсенділік танытуда

Жергілікті азаматтық қоғамның 1800-ден астам өкілі дауыс беру барысын бақылауда. Үкіметтік емес бес облыстық ұйым бірігіп, 358 елді мекендегі учаскелердегі жағдайды тәуелсіз түрде қадағалауға алды.

«Партиялық емес қоғамдық бақылау» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Алма Қозбаеваның айтуынша, жұмыстың негізгі мақсаты – дауыс беруге қатысушыларының барлығының заңнама талаптарын сақтауын бақылау.

«Қазіргі уақытта облыстағы учаскелерде ашық дауыс беру үшін барлық талаптар сақталып отыр. Учаскелік комиссиялар азаматтық қоғам өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстарына дер кезінде назар аударып, әрекет етуде», дейді А.Қозбаева.