«Біздің миссиядан Қазақстандағы референдумге 140 адам аккредиттелген. Украина мен Молдовадан басқа елдер өкілінің барлығы бар. ТМД миссиясы 21 мамырда өз жұмысын бастады. Мен 1 маусымнан бастап Қазақстанда жұмыс істеп жатырмын. Мемлекеттік органдармен, оның ішінде Орталық Сайлау комиссиясы, Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, ІІМ, Бас Прокуратурада бірқатар кездесулер өткіздік. Ол жерде референдумға дайындық барысы туралы айтылды. Пікірлестік. Сонымен қатар азаматтардың өтініші мен шағымдарын қабылдауға байланысты мәселелерді де талқыладық. Осы уақытқа дейін ешқандай шағымдар туралы естімедік. Бұл өте жақсы», дейді Анфимов.
Спикердің сөзінше, ТМД Байқаушылар миссиясының байқаушылары Алматыда және Ақмола облысында жұмыс істеуде.
«Өзім Нұр-Сұлтанда 7 учаскеге барып, дайындық және дауыс беру процесімен танысып шықтым. Қазақстандағы референдумге орай техникалық тұрғыдан да, ұйымдастырушылық тұрғысынан да ТМД Байқаушылар миссиясы ешқандай көңіл толмаушылық білдірмейді», деді спикер.
Референдумге дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Референдумның нәтижесінде Конституцияның 33 бабы бойынша 56 өзгеріс енгізіледі.