«Ертеңгі жарқын болашақ үшін, халықтың жақсы тұрмысы мен еліміздің биік межелерден көрінуі үшін дауыс бердім. Жарқын болашақ бүгінгі күннен басталады. Ең бастысы еліміздің болашағы – жастардың өмірі жарқын болса екен, сол үшін де референдумға қатысып, өз үнімді қосу менің жауапкершілігім», деді Т.Шарманов.
Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған. Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.