Ол мұнайлы шаһардағы №8 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. Бұл учаске Н.Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясында орналасқан.
«Бүгінгі күн – тарихи күн. Өйткені, ұрпағымыз үшін, келешек үшін маңызды қадам жасайтын ең жауапты кезеңде тұрмыз. Еліміздің бейбіт болуы, балаларымыздың бақуатты өмір сүруі үшін өз таңдауымызды жасауға мүмкіндік алдық. Өзім ел келешегінің жарқын болатынына сенемін. Бәріміз осы мақсатқа жұмылып, аянбай еңбек етуіміз қажет», дейді желаяқ Әмин Тұяқов.
Оның айтуынша, әр адамға Отаннан артық құтты мекен болмайды.
«Сол себептен, еліміздің өркендегенін, жас буынның сапалы білім алып, адал қызмет еткенін қалаймыз. Бұл үшін қоғам тынысы бір орнында тұрып қалмай, жаңғыра беруі керек. Ал жаңғыру ел Конституциясына енгізілетін өзгерістен бастау алатынын ұғыну қажет. Бүгін жаңа да әділ Қазақстанның жаңа тарихы басталады», деді ол.