Референдум • 05 Маусым, 2022

Зейнеткерлер үйден шықпай-ақ дауыс берді

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдумда дауыс беру процесінде жоғары белсенділік танытуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнеткерлер үйден шықпай-ақ дауыс берді

Референдумға 18 жасқа толған барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Бірақ сайлау учаскесіне келуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үйде дауыс береді.

Бостандық ауданы бойынша сайлау комиссиясының аумақтық штабына «сайлау учаскесіне келе алмасам да, таңдау жасағым келеді» деген мазмұндағы 114 өтініш келіп түсті. Осындай адамдар үшін арнайы мобильді топтар құрылды.

р