Референдум • 05 Маусым, 2022

Теңіз кен орнында 10 мыңға жуық адам дауыс беріп жатыр

924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 10 мыңға жуық адам дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңіз кен орнында 10 мыңға жуық адам дауыс беріп жатыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, референдум комиссиясының штабына Теңіз кен орнында вахталық жұмысқа келген 10 мыңға жуық адамнан өтініш түскен. Қазір мұнда 19 көшпелі бекет ашылды.

Мұндағы жұмысшылардың арасында еліміздің бірнеше өңірінен келгендер бар. Олардың бір бөлігі тұрғылықты тіркелген мекен-жайындағы учаскелік комиссияларға жүгініп, есептен шығару куәлігін әкелген.  

«Жылыой ауданындағы Теңiз кен орнында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгiзiлетiн өзгерiстер жөніндегі республикалық референдумға дайындық бiрнеше аптаға созылды. Референдум учаскелері «Теңізшевройл» компаниясы мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдарымен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Теңіз кен орнынан аудан орталығы – Құлсары қаласынан бақылаушылар келді», деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.