Референдум • 05 Маусым, 2022

Халықтың референдумнан күтері көп

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сайлаушылардың көңіл күйі жоғары. Себебі халық бұл референдумнан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсарып, дамитынына үмітпен қарайды. Мұндай пікірді конституциялық референдумның өту барысын бақылауға келген ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылары жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Халықтың референдумнан күтері көп

«Әлбетте, референдум барысында сайлаушылардан қолға алынған өзгерістерге қалай қарайтындары сұрап білген едік. Көпшілігі елдің тұрақты дамуын қалайтындарын айтты. Өйткені, келер ұрпақ өз болашақтарын Қазақстанмен байланыстырса екен деген тілектерін білдірді. Сөзсіз, адамдардың қолайлы өмір сүру үшін бірінші кезекті әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту қажет. Парламентте, сондай-ақ Орталық Сайлау комиссиясында кездесулер өткізіліп, біздің делегация Конституциядағы өзгерістерді дайындаған мамандармен пікір алмасуға мүмкіндік алды. Бұдан түйгеніміз, мемлекет жылдың басында орын алған қасіретті оқиғаларды болдырмауға қам- қарекет жасап отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бүгінгі сұхбаттарында да бұл референдумды өткізудегі басты мақсат – елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету екенін баса айтқан еді. Ел билігінің халықтың өркендеуіне қажетті бастамаларды дер кезінде көтере білуі қуантарлық жағдай. Оның айғағы бүгінгі конституциялық референдум деп айтуға негіз бар. Тағы да бір айта кетерлігі, бұл ауқымды өзгерісті өткізбес бұрын Парламент депутаттары және қоғам өкілдері елдің өңірлерінде болып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың ұсыныс-тілектерін қаныққаны қуантады әрине. Оның нәтижесінде халық нақты қалайтын өзгерістерді талдап, анықтауға жол ашылды», деді ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Цепкин.