Азамат Наурыз бен Бағдат Данагүл бүгін үйленіп жатыр. Дәлірек айтқанда, дәл қазір беташары болады екен. Күйеу жігіт беташардан бұрын келінді сайлау учаскесіне алып келіпті.
«Біз жұбайлық өміріміздің алғашқы қадамын еліміздің ертеңіне өзгеріс енгізуге өз үлесімізді қосудан бастағымыз келді. Өз болашағымыз үшін дауыс бердік, ертеңімізге сенеміз!» дейді жас жұбайлар.