Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Қазақтың еңсесі көтерілсе деймін – Бибігүл Төлегенова

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ музыкасының аңызы мен абызы,  Алматы қаласының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова үйінен шықпай референдумға дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақтың еңсесі көтерілсе деймін – Бибігүл Төлегенова

Жылжымалы комиссияны үйінде көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алған ән падишасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бастамаларына дер кезінде қабылданған шешім деп баға берді.

Әнші сондай-ақ Конституцияға өзгертулер енгізу туралы шешім әсіресе жастар үшін қажет, өйткені олардың болашағы көп жағдайда соған байланысты екенін атап өтті. «Конституциямыздың әлеуетінің кейбір тұстары заманға сай болмай тұр. Біз жаңа заман, жаңа мемлекеттік құрылым табылдырығында тұрмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев қазақ тарихында жаңа Қазақстанның негізін қалайтынын, бұл ортада әділетсіздік пен жемқорлыққа жол бермейтінін айтты. Халықтың мүддесі үшін абыройын бәйгеге тігіп отырған Президентімізді көп болып қолдайық. Бұрын халықта таңдау мүмкіндігі болмады, талант тиісінше бағаланбады, «қоғам таңдаулылардың» қыспағында қалды. Бұл бізді зайырлы қоғам құндылықтарынан алыстатып жіберді. Енді бәрі басқаша болады, қазақтың еңсесі көтеріледі деп үміттенемін. Мың өліп, мың тірілген қазақ бұл күнге лайық. Алла тағала үстімізде тек тыныштық, ашық аспан берсін, мемлекетіміздің даму жолына түсуіне ішкі, сыртқы күштер кедергі болмауын, ал Қасым-Жомарт Кемелұлына бастаған реформаларының нәтижесін елімен бірге көруіне жететін өмір  тілеймін», деп сөзін түйіндеді Б. Төлегенова.