«Бүгін дауыс беруге келдім,Ата заңдағы кей баптарға өзгеріс енгізіледі дегенді естіп қуандым», деген қарт сөзін ары қарай ақ тілек батасымен жалғады: «Халқымызға тыныштық,береке берсін,біз көрген қызықтарды жастарымыз да көрсін. Жаратушы жарылқап,осы өзгерістер елімізге бақыт әкелсін. Ең бастысы тоқшылық болса екен,қайғымыз болмасын».
Рагина әжеміз бұдан былай еліміздегі оң өзгерістерге қолдау көрсетуге бүкіл жұрт болып атсалысу керектігін де айта кетті.
Сағат 16:30-дағы санақ бойынша аталған учаскеге келіп дауыс берушілердің саны 978 адамға жетті.