Референдум-2022 • 06 Маусым, 2022

Референдум бойынша алғашқы нәтижелер жарияланды

733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 маусымда елімізде өткен республикалық референдумның алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум бойынша алғашқы нәтижелер жарияланды

«31-арнаның» тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» институты 5 маусым күні 600 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға Еxit poll сауалнама жүргізді. Оның 360-ы қалада, 240-ы ауылда ұйымдастырылды.

Сауалнама республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар, ауылды елді мекендерді қамтыды. Сауалнамаға 24 мың респондент қатысты. Респонденттерге «Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.

«Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау білдірген респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Еxit poll нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1 пайызды құрады», делінген зерттеуде.