Референдум-2022 • 06 Маусым, 2022

Қазақстандықтардың 79,4%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулерді қолдады - Exit poll

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Exit poll жариялаған нәтижеге қарағанда, қазақстандықтардың 79,4%-ы Ата заңға енгізілетін түзетулер мен өзгертулерді қолдап дауыс берді. Бұл жайында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Татьяна Башарина мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың 79,4%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулерді қолдады - Exit poll

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі сайлау учаскелерінің шыға берісінде Exit poll өткізді. Сауалнама алу 375 учаскеде, оның ішінде 225 қалалық және 150 ауылдық референдум учаскесінде жүргізілді. 15 мыңнан адамнан сауалнама алынды. Зерттеу қорытындысының қателігі 2,7 пайызды құрайды. Демократия институты Exit poll бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Ол Қазақстанда 2007 жылдан бергі сайлау науқандары кезінде бейімделген әдістеме арқылы жүргізілді», деді бірлестік директоры КТК телеарнасының тікелей эфирінен.

Оның айтуынша, сайлау учаскелерінің шыға берісінде дауыс берушілерге бірлестіктің сауалнама алушылары «Сіз Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген сұрақ қойған. Сонымен қатар сұхбат алушылар дауыс берушілердің белсенділігін де тіркеген.

«Exit poll қорытындысы бойынша референдумға қатысу 66,3%-ды құрады. Жақтап дауыс бергендер - 79,4%, ал қарсы болғандар - 20,6%», деді Татьяна Башарина.