Қоғам • 06 Маусым, 2022

Басты арман – баспана

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары Екібастұз қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мәселен, екі жарым жыл ішінде көрсет­кіш 22 мың шаршы метрден 66 мың шаршы метрге артып отыр. Сәйкесінше, баспана бақытын сезінгендердің қатары көбеюде.

Басты арман – баспана

Жақында кезекті 72 отбасы қоныс тойы­н тойлады. Оның 18-і көпбалалы от­ба­­сы­ларға үлестірілсе, қалғаны жетім ба­ла­­ларға, әлеуметтік осал топтың мүше­ле­ріне бе­рілді.

Баспанаға ие болған тұрғындардың бірі – Ләйлә Әшірбекова. Ол 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 14 жыл бойы пәтер жалдап келген.

«Бұған дейін ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап тұрдым. Баспанаға қол жеткізіп отырғаныма қатты қуаныштымын. Осы сәтті асыға күттік. Қиын күндердің барлығы артта қалды деп үміттенемін. Мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілгеніне ризамын. Мен өте бақыттымын», дейді Ләйлә Әшірбекова қуа­нышы қойнына сыймай.

Аталған үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған. Жал­пы, соңғы екі жарым жылда аталған бағдарлама бойынша 1 359 пәтер үлес­тірілді. Соның есебінен 5 500-ден астам адам тізілген үй кезегі 11 пайызға қыс­қар­ған.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы