Фото: gov.kz
Мамандар технологияны бейбіт бағытта қолдануды қолдап отыр. Атап айтқанда, дронды мұнай-газ құбырларын күзетуге, қамыс өрттерін ерте анықтауға және төтенше жағдай кезінде нақты координаттарды жедел жолдауға пайдалану жоспарланған. Экологиялық ахуалы күрделі Атырау өңірі үшін мұндай құрылғының маңызы зор. Сонымен қатар оны шалғай мекенжайларға дәрі-дәрмек жеткізуге бейімдеуге болады.
Алғашқы үлгі қолданыстағы модель негізінде пластиктен жасалған. Алайда өңірдің желді климатына байланысты оның беріктігі жеткіліксіз болған. Кейін құрылғыны шыны талшық пен пластик қоспасынан дайындау шешімі қабылданған. Ал қазір үшінші нұсқасы әзірленіп жатыр. Бұл модельде ұшу аппараты қанатының ұзындығы 20 сантиметрге ұлғайтылып, қуатты аккумулятор мен мотор орнату жоспарланған. Нәтижесінде ұшу қашықтығы артып, жұмыс тиімділігі жақсарады.
Жоба әзірге сынақ кезеңінде. Нұрсұлтан Тұрсыновтың айтуынша, қалада 15-18 қабатты тұрғын үйлер көбейіп келеді. Мұндай биіктікке өрт сөндіру техникасының жетуі кей жағдайда қиындық тудырады. Сондықтан әзірленіп жатқан дронды биік ғимараттардағы өртті сөндіру жұмыстарына да қолдануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар жоба авторлары өндірісте отандық материалдарды пайдалануға назар аударып отыр.