Аймақтар • Бүгін, 10:20

Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында бойжеткенді аңдып, мазалаған азамат қамауға алынды. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, оны өгей әкесі аңдыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды

Арыз негізінде полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс тәулік ішінде сотқа жолданды.

Сталкинг пен алаяқтық қатаң жазаланады

Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында әйелдерге қатысты сталкингтің 6 дерегі анықталып, жолы кесіліпген. Барлық жағдайда күдіктілер жәбірленушілермен бұрын таныс болған. Сонымен қатар қарым-қатынас тоқтатылғанына қарамастан, күдіктілер қудалауын жалғастырып, жәбірленушілерге түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, хабарламалар жазған. Жәбірленушінің үйі мен жұмыс орнына барып, әлеуметтік желілер арқылы мазасын алған.

Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты

Полиция мұндай құқық бұзушылықтар үшін қолданыстағы заңнама аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар