Әлем • 06 Маусым, 2022

Даллас өнер мұражайына белгісіз біреу шабуыл жасаған

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгісіз біреу Даллас өнер мұражайына басып кіріп, бірнеше өнер туындысын, соның ішінде 2000 жылдық грек вазаларын зақымдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Даллас өнер мұражайына белгісіз біреу шабуыл жасаған

Мұражай директоры Агустин Артеаганың айтуынша, шабуыл жасаушы қарусыз болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Алайда үш керамикалық грек ыдысы мен  қазіргі америкалық керамика қатты зақымданған. 

Үш грек ыдысының ішінде мифтік көрініспен безендірілген біздің эрамызға дейінгі 550-530 жылдардағы «киликс» деп аталатын қара құмыра, троя соғысының бейнелері бар, б.з.б. 450 ж. «пиксис» деп аталатын қақпағы бар ыдыс, некеге және гендерлік динамикаға қатысты көріністер қызыл мүсіншелермен безендірілген.

Сондай-ақ америкалық керамикалық суретші Чейз Кавинхут Эрлс жасаған балық тәрізді керамикалық бөтелке де қатты зақымдалған.

Мұражайға келтірілген залалдың көлемі әлі белгісіз. Мұражайдың коммуникациялар және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Ашель Морган бүлінген экспонаттардың кез келгенін қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Даллас полициясы ер адамды оқиға орнында қамауға алған.

 

Гүлдана Елубай