Әлем • 06 Маусым, 2022

Өзбекстанда карантин талаптары жеңілдеді

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан былай Өзбекстанға келетін туристер ПТР-тест немесе коронавирус инфекциясына қарсы антигенге экспресс-тест тапсыруға міндеттелмейді, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан СІМ-ге сілтеме жасап.

Өзбекстанда карантин талаптары жеңілдеді

Сертификаты немесе вакцинация паспорты жоқ келушілерден елге барардан кемінде 72 сағат бұрын тапсырылған ПТР-тест нәтижесін (электрондық QR-коды бар) немесе шекаралық өткізу бекетінде антигенге тапсырылған тесттің теріс нәтижесін ұсыну талап етіледі. Бұл ретте 12 жасқа дейінгі балаларға вакцинация туралы сертификаттың немесе паспорттың, ПТР-тесттің және антигенге экспресс-тесттің нәтижесін алу қажет емес.

Бұған дейін Өзбекстан 2022 жылдың 15 қаңтарында «Омикрон» коронавирус инфекциясының жаңа штаммының таралуына қарсы карантин шаралары аясында шекараны кесіп өтуге шектеулер енгізген болатын.

16 наурызда Өзбекстан билігі Қазақстан мен Тәжікстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірқатар карантин шектеуін алып тастаған.