Білім • 06 Маусым, 2022

1-сынып оқушылары тек қазақ тілін меңгеретін болады

1134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушылары тек қазақ тілін меңгеретінін айтты. Оның айтуынша орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1-сынып оқушылары тек қазақ тілін меңгеретін болады

«Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылатын болады», деп түсіндірген министр.

Ведомство басшысының айтуынша, мұндай ұсыныстар бұрын да келіп түетін, сол себепті оны мектептерде енгізу жоспарланып отыр.