Қоғам • 06 Маусым, 2022

Біз бақытты баламыз еркелеген

786 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында Балалар жылы және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз еркелеген» атты фестиваль өтті. Тұңғыш Президент алаңында өткен мерекелік іс-шараға 1 500-ден астам бала қатысты.

Біз бақытты баламыз еркелеген

Фестивальде түрлі тақырыптық ойын ала­ңына бөлінген балдырғандар таза ауадағы бел­сен­ділікті дәріптеп, ойын арқылы мәдениет­тілік­ке тартылып, саламатты өмір салтын насихаттады.

«Ғажап әлем» алаңында қалалық мектепке дейінгі ұйымдар кішкентай бүлдіршіндер үшін ұлттық ойындар, ата-аналармен бірлескен шаралар, балғындардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытындағы қойылымдар өткізді.

«Мейірім» алаңында демеушілердің тара­пынан балаларға мерекелік сый жасалып, ойын­шық пен тәтті үлестірілді. Ұйымдастыру­шылар «Қоржын» мейрамханасы, «Сделай детям добро» бірлестігі және «Достық» оқу орталығы, 125 High School, Республикалық физика-мате­­матика мектебінің Fizmat Primary мекте­біне алғыс айтты.

Дарындылар алаңына шығармашылық байқауларда оза шығып, жүлделі орын иеленіп жүрген шәкірттер жиналды.

«Мен ақылды балақай» аумағында желілік қауымдастықтар бойынша мектептердің тәжірибелік алаңдары көрсетілді. Көпшілік назарына ұсынылған «Лаборатория», «Интел­лект», «Оқуға құштар мектеп», «Жайдарман­шылар», «Экомектеп», «Сурет әлемі», «Сөз шеберлері» жобаларының оқушылардың таным­дық қабілетін арттыруда, олардың қызы­ғушылығын ояту, кәсіптік бағдар беруде маңыз­дылығы жоғары екенін атап өту керек.

«Патриот» алаңында болашақ ел қорғаушы сарбаздар, көшбасшылар, болашақ чемпиондар саптық үлгілерді көрсетті. Сонымен қатар қаладағы балаларға арналған Д.Нұрпейісова атындағы музыка мектебінің ансамблі өнерін ортаға салды.

«Биле, бізбен бірге» алаңына қаладағы білім беру ұйымдарының би ұжымдарынан 600-ден астам биші қатысып, бейбітшілік пен тыныштық орнаған елдегі бақытты балалық шақ көрінісін көрсетті.

«Қайсар! Жігер! Шабыт!» алаңында қо­сым­ша білім беру ұйымдары балалар үшін ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Мерекелік фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Маусымның 1-і күні Батыс Қазақстан облы­сының әкімі Ғали Есқалиев Оқушылар сарайында 2021-2022 оқу жылында халықаралық, рес­пуб­ликалық олимпиадаларда жеңімпаз бол­ған 60 оқушымен кездесіп, сый-құрмет көр­сетті.

 

Батыс Қазақстан облысы