Референдум-2022 • 07 Маусым, 2022

Қазақстан жаңару процесіне қадам басты

1417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің ел Қазақстанмен қа­рым-қатынасқа қай кезде де айрық­ша назар аударып келгені бар­шаға мәлім. Тіпті соңғы жылдары екі ел арасындағы байланыс бұрынғыдан да жақсара түскен.

Қазақстан жаңару процесіне қадам басты

Қазақстан билігі елдегі саяси жүйені реттеуге күш салып жатқанын білеміз. Сол үшін де жаңа әрі батыл қадамдарға барып, саяси реформаларды қолға алған болатын. Қазақстан Президенті халықтың пікіріне құлақ асқанды жөн деп тапты. Жалпыхалықтық референдум соның көрінісі. Бұл әлбетте құптарлық қадам дер едім.

Біз үшін Қазақстан қай кезде де сенімді серіктес екені дау­сыз. Сондықтан да елдегі жал­пы­­халықтық референдумның жоғары деңгейде өткені қуант­ты. Халықтың басым бөлігі кон­ституциялық реформаны дұрыс жағынан қабылдап, қолдағанын білемін. Ең бастысы елдің Пре­зидент Тоқаевтың идеясын дұрыс түсінгенін атап өтпеске болмас.

Қысқасы, Қазақстан халқы саяси, әлеуметтік өзгерістерді қажет етіп отырғанын байқадық. Олар елдің жағдайы жақсарғанын қалайды. Президентті сол үшін де қолдап отыр. Демократиялық үрдістің жаңа белесіне қадам басқан елдің ертеңі жарқын болады деген ойдамыз.

 

Манило ДЕ СТЕФАНО,

Сыртқы істер министрінің орынбасары

(Италия)