Әлем • 07 Маусым, 2022

Ұлыбритандықтар 4 күн жұмыс істеп, 3 күн демалады

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияда мыңдаған жұмысшы төрт күндік жұмыс аптасына өту тәжірибесін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбритандықтар 4 күн жұмыс істеп, 3 күн демалады

Ұлыбритания тарихындағы ең ауқымды экспериментке 70-ке жуық компания қатысады. Оны еңбек ақысын жоғалтпай қысқартылған жұмыс аптасын жақтайтын бастамашыл топ ұйымдастырды.

Экспериментке қатысушылар жұмсалған уақыттың 80%-ы үшін жалақысының 100%-ын алады, бірақ олардан еңбек өнімділігінің артуы талап етіледі.

Тәжірибені Оксфорд пен Кембридждің британдық ғалымдары және олардың Бостондағы америкалық әріптестері Autonomy аналитикалық компаниясымен бірлесе отырып басқарады.

Экспериментке қатысуға бағдарламалық жасақтама жасаушылар мен жұмыспен қамту кеңселерінен бастап қайырымдылық ұйымдары мен жергілікті фиш-энд-чипс тамақтану орындары сияқты көптеген компаниялар ниет білдірген.

Осыған ұқсас тәжірибелер Ирландия, АҚШ, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландияда өткізіліп жатыр.

«Қазір қатаң көпжылдық жұмыс тәртібін ұстанудың еш мәні жоқ. Кез-келген жағдайда да сіз 100% өнімділік беруіңіз мүмкін. Мұны осыны қолданып жатқан компаниялардың тәжірибесі растай алады», дейді «Жаһандық төрт күндік жұмыс аптасы» жобасының жетекші зерттеушісі, Бостон колледжінің экономист, әлеуметтанушысы Джульет Шор.

Зерттеуші мұндай режимнің бәріне және әр мамандыққа сай келе бермейтінін айтты.