«7 маусым сағат 9:00-ден бастап жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-86 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық», деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Осыған байланысты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Ауа райына байланысты ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.