Бір топ алаяқ күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтарын әшкерелейтін материалдарды таратпауға уәде бергені үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен.
Олар фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды.
«Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде», делінген ANTIKOR хабарламасында.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.